Анкарада көтерілісшілердің авиасоққыларынан Түркия парламенті, Türksat ғимараты, Гёльбаши ауданының полиция академиясы зардап шекті. Анкарада қырық екі адам қаза тапты. Олардың ішінде азаматтар мен әскерилер бар.
Жұма күні бір топ әскери Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған. Анкара мен Ыстамбұл көшелеріне әскери техника шығып, атыстар мен жарылыстар естілді. Президент Тайип Ердоған төңкеріс әрекеті жүзеге аспады және ол толық басылатынын атап өтті, деп жазды РИА Новости.