Елдің ұлттық денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюэззиноглудың айтуынша, 186 адамға ауруханаларда көмек көрсетілуде, 28 адам ауыр халде жатыр.
Зардап шеккендердің арасында 9 полиция қызметкері бар, деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Селями Алтынок.
"Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:04-те бірінші жарылыс болды, үш секундтан соң екінші жарылыс орын алды. Оқиға орнында басқа жарылғыш заттар табылған жоқ. Қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері жоқ, бірақ 9 полицей оқиғадан жапа шекті ", - деді Алтынок.
Жарылысты террористің жасағаны туралы нұсқаға қатысты ол тергеу амалдарының жалғасып жатқанын айтты: «оның қорытындылары бойынша жарылыстың себептері туралы ақпарат берілетін болады», деді ол.
Еске сала кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Түркияның Анкара қаласында орын алған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізуде.