Түркиядағы жарылыс: Құрбандар саны 30 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Газиантеп қаласындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, 94-і жарақаттанды.

Бұл туралы АР провинция  губернаторы кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұдан бұрын  22 адамның ажал құшқаны мәлімделген болатын.

Еске сала кетсек,  жарылыс Түркияның оңтүстігінде орын алды. Жанкешті-лаңкес Сирия  шекарасына таяу маңдағы Газиантеп қаласында болған үйлену тойы рәсімінде өзін-өзі  жарып жіберген еді.