Түркиядағы жарылыстардан зардап шеккендер саны 14 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірнеше жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 14-ке жетті, олардың ішінде екеуі қарапайым азамат болса, қалғандары полиция мен әскери қызметкерлер. Ал жараланғандар саны 300 адамға жуық, деп хабарлайды euronews.com.

Элязыг қаласында жарылғыш зат қойылған көлік полиция учаскесінің қасында жарылған. Одан төрт сағат уақыт өткен соң Битлис провинциясында қарулы күштерді брондалған көлігі минаға түсіп қалады. Үшінші жарылыс Түркияның шығысында орналасқан Ван қаласында үйлену тойы өтіп жатқан жерде орын алды.  

Елдің премьер-министрі Бинали Ыйылдырым мемлекеттегі террорлық қауіптілік деңгейін күшейтуді тапсырды. Кейін ол ауруханаға барып, жарақат алған адамдардың жағдайымен танысып қайтты.