Апаттың салдарынан 2200-ден астам ғимарат қирап, 1300 адам жарақат алған. Қазіргі таңда 51 елдің және аймақтың басшысы Түркия үкіметі мен басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдаған, деп хабарлайды «Синьхуа».
Зардап шеккендерді іздеуге және құтқаруға 450 жедел жәрдем машинасы жіберілді. Түркияның Қызыл Жарты ай Қоғамы аудандағы зардап шегушілерге 12,8 мың шатыр, 25 мың көрпе, 21 жылжымалы асхана, мол азық-түлік жеткізді. Зардап шегушілердің басым көпшiлiгiнің қажеттi материалдармен және азық-түлiк өнiмдерiмен жабдықтау мәселесі шешiлді.