Түркиядан Грузияға жүк тасымалдайтын алғашқы пойыз аттанды

Фото: None
ЭРЗУРУМ. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның Эрзурум қаласындағы Паландокен логистикалық орталығында 23 шілде күні Түркия мен Грузия арасындағы алғашқы жүк пойызын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Теміржолқұрамдары жаңа бағытта экспорттық жүктер тасымалдап, Баку-Тбилиси-Карс теміржолымен сапар шегеді.

Шараға«Түркияның мемлекеттік темір жолдарының» басшысы Али Ихсан Уйгун, «Грузин теміржолдары» АҚ төрағасы Давид Перадзе, Pasifik Eurasia логистикалық компаниясыныңжәне Эрзурум әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Салтанаттырәсімде Али Ихсан Уйгун сөз сөйлеп, Анкара Баку-Тбилиси-Карс жобасының жүзеге асырылуынаүлкен мән беретінін атап өтті.

«2017жылы қолданысқа енген аталмыш бағыт бойынша Түркия, Әзербайжан және Қазақстанарасында жүк тасымалы жүзеге асырылды. Грузияның Темір жолдар басқармасыменжүргізілген келіссөздер нәтижесінде 17 маусым күні ынтымақтастық туралы келісімжасалды. Біздің тарапымыздан іске қосылған экспорттық пойыз бұл келісімніңалғашқы жемісі болып табылады», - деді TCDD басшысы.

ДавидПерадзе, өз кезегінде, жобаны жүзеге асыруға атсалысқандарға алғыс білдірді.

«Бүгін– Грузия мен Түркия үшін тарихи күн», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар