Ұлттық әуекомпаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, КС 216 рейсі Антальядан жергілікті уақытпен 11:30-да шығуы тиіс болған. Әуе компаниясының іс-шараларына байланысты рейс тоқтатылды.
Бортта болған 143 жолаушыға ыстық тамақ беріліп, қонақ үйге жайғастырылды. Оларды Қазақстанға жеткізуге басқа ұшақ жіберілді.
Қосымша рейс бүгін 12:00-де шығатын болады.
Әуе компаниясы жолаушыларға келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Өтемақы алу үшін customer.relations@airastana.com электронды мекенжайына өтініш беруге болады.
Бұған дейін «Боинг 757» әуе кемесіндегі техникалық ақауларға байланысты Анталия қаласының әуежайында «Анталия-Астана» рейсі кешіктірілгендігін хабарлаған болатынбыз .