Ірі Global Blue компаниясының деректеріне қарағанда, 2018 жылдың алғашқы тоқсанында қытайлық туристердің Түркияда жұмсаған шығыны өткен жылмен салыстырғанда 166 процентке өскен.
Шығын бойынша қытайлықтардан кейін Ұлыбритания келеді. 2018 жылдың алғашқы тоқсанында британдық туристердің жаратқан қаржысы өткен жылмен салыстырғанда 83 процентке көбейді. Атап айтқанда, әр адам басына шаққанда сегіз мың түркі лирінен (1959 доллар) келіп отыр.
Одан кейін Катар, Сауд Аравиясы, Германия, Ресей, Азербайжан және Иран тұр.