Ведомствоның хабарлауынша, вакцинаны алу шаралары мамыр айында басталмақ. Екпе топтамасы Түркияға алдағы жарты жыл ішінде жеткізіліп жеткізіледі.
Фахреттин Коджа қазіргі кезде Түркияда қолданыстағы BioNtech вакцинасының екі дозасын салу аралығы 6-7 аптаға дейін ұзартылғанын айтты.
Сонымен қатар министр ел аумағында тіркелген коронавирустың жаңа түрлерін жұқтыру оқиғалары туралы ақпарат берді.
«Үнділік нұсқа Ыстанбұлдағы 5 азаматымыздан табылды. Бұл нұсқа бірінші рет анықталып отыр, сол себепті жұқтыру оқиғасы жеке тексеріледі», - деді Түркия министрі.
Сонымен қатар ол жақын арада Түркияда «Фаза-3» сынағы аясында түркиялық белсендірілмеген вакцинаны тестілеу басталатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл – препаратты жалпы қолданысқа шығару алдындағы соңғы қадам.