«Бүгін Атыраудан Анталияға 8 тамыз күні сағат 16.30-да ұшып шығуы тиіс болған VSV484 рейсі 9 тамызға қалдырылғандығы туралы хабарлама келді. Болжам бойынша ол сағат 7.20-да ұшатын болады. Сондай-ақ 8 тамыз күні Түркиядан ұшып келуі тиіс болған рейс те кешіктіріліп жатыр», - деп мәлім етті «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне DISCOVERY турагенттігінің басшысы Евгения Нефедова.
Еске салайық, Sunday Airlines компаниясының чартерлік рейстеріндегі іркілістер бірнеше күн бойы жалғасуда. Аталмыш компанияның ұшақтары қатынайтын барлық дерлік туристік бағытта түйіткілдер туындауда. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, мәселенің басы авиакомпанияның ұшақтарының бірі істен шығуынан туындаған.