Еске салайық, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Бішкектен ұшып шығып, Нью-Йоркке бет алған жолда Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берген болатын. Атамбаев өздігінен жүре алмағандықтан, ұшақтан консулдық қызметкерлерінің көмегімен шыққан.
20 қыркүйек күні қырғыз президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов А.Атамбаевтың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлім етті.
АҚШ-қа аттанған қырғыз делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев басқарды.
Бұған дейін хабарланғандай, қазір Қырғызстан Президенті түрік дәрігерлерінің бақылауында.
Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.