Түркияның 26 университеті «QS 2026» рейтингі тізіміне енді
АСТАНА. KAZINFORM - Түркия Жоғары білім кеңесі (YÖK) әлемнің 106 елінен 1500 университетті қамтитын «QS 2026» әлем университеттері рейтингінің тізіміне 26 түрік университетінің кіргенін жариялады, деп хабарлайды TRT ақпараттық агенттігі.
Бұл рейтингте Түркия 20-дан астам университеті бар елдер арасында төртінші орында тұр.
Түркияның Таяу Шығыс техникалық университеті 269-шы, Стамбул техникалық университеті 298-ші орында болса, әлемнің ең үздік 300 университеті арасында Коч университеті 323-ші және Босфор университеті 371-ші орынға ие болып, алғашқы 400 ЖОО тізіміне кірді. Сабанджы университеті 404-ші, Билкент университеті 415-ші орында. Осылайша 6 түрік университеті әлемнің үздік 500 университетінің қатарына енді.
Хаджеттепе университеті 571-ші, Стамбул университеті 628-ші, Анкара университеті 697-ші, Йылдыз техникалық университеті 736-шы, Гази университеті 915-ші орынға ие болып, рейтингтегі алғашқы 1000 университет тізіміне енді.
«QS Türkiye есебіне сәйкес, Таяу Шығыс техникалық университеті, Босфор және Стамбул техникалық университеті „Жұмыс беруші беделі“ көрсеткіші бойынша әлемнің ең үздік 100 университетінің қатарында.
Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы профессор Эрол Өзвар «Бұл жетістік кездейсоқ емес. Барлығымыз бірге еңбек еттік. Бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз. Рейтингке енген және аянбай еңбек еткен университеттерімізді құттықтаймын», — деді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның үш университеті алғаш рет QS 2026 рейтингі тізіміне енгені туралы жазғанбыз.