Түркияның Анталья аймағында жер сілкінді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Анталья провинциясының Газипаша ауданынан 95 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінің эпицентрі 18,05 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Анадолы.

Гринвич бойынша сағат 21:14-те Жерорта теңізінде магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою агенттігінің (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Газипаша ауданынан 95 шақырым жерде, 18,05 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұдан бұрын қазақстандық сейсмологтер Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркегені хабарланды.

Сонымен қоса Аляскада 7,2 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болып, цунами қаупі туралы ескертілді.