Түркияның Мәрмәр теңізі жағалаудан 20 метрге шегінген

Фото: ТАСС

АСТАНА.KAZINFORM — Бұл құбылыс Түркияның батысындағы Текирдагтың Мармара Эреглиси ауданында байқалып, жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды Habertürk.  

Су тартылған жерлерде құмды аралдар пайда болып, бірнеше қайық таяз жерлерде қалып қойжы. Жағалаудағы бұл көрініс жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды.

— Мен теңіз суының бұлай тартылғанын соңғы рет үш жыл бұрын көрдім. Ол кезде де су шамамен осы мөлшерде шегінді. Өткен аптаға дейін теңіз деңгейі қалыпты деңгейде болды. Бізді таңдандырғаны — судың өте қысқа мерзімде тартылып қалуы, — деді жергілікті тұрғын Сезер Акча.

Су деңгейінің күрт тартылу себебі әзірге нақтыланған жоқ.

Бұған дейін түрік ғалымы Түркияның Мәрмәр теңізіне төнетін негізгі сейсмикалық қауіпті анықтаған болатын.