Су тартылған жерлерде құмды аралдар пайда болып, бірнеше қайық таяз жерлерде қалып қойжы. Жағалаудағы бұл көрініс жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды.
— Мен теңіз суының бұлай тартылғанын соңғы рет үш жыл бұрын көрдім. Ол кезде де су шамамен осы мөлшерде шегінді. Өткен аптаға дейін теңіз деңгейі қалыпты деңгейде болды. Бізді таңдандырғаны — судың өте қысқа мерзімде тартылып қалуы, — деді жергілікті тұрғын Сезер Акча.
Су деңгейінің күрт тартылу себебі әзірге нақтыланған жоқ.
Бұған дейін түрік ғалымы Түркияның Мәрмәр теңізіне төнетін негізгі сейсмикалық қауіпті анықтаған болатын.