Түркияда өткен шілдеде аптап ыстық болды. Одан кейін Ыстамбұлда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілді.
Мұндай ыстық ауа райы соңғы 85 жылдағы рекорд ретінде тіркелді. Метеорологтардың мәліметінше, 1938 жылы ең жоғары жылу 40 градус Цельсий болған.
Ал, Анталия курортында ауа температурасы қазірдің өзінде 37 градусқа дейін көтерілсе, елдің батысында - Измир облысында 36 градусқа дейін көтерілді.
Ыстықтың кесірінен түнде де түрік жағажайлары туристер мен жергілікті тұрғындарға толды.
Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде термометрлер қазір рекордты жаңартып жатыр. Шанлыурфа провинциясында ауа температурасы 49 градусқа дейін көтерілді. Адамдар көлеңкеде тығылып, субұрқақтар мен басқа да су айдындарында шомылуда.