Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінді

Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатия провинциясында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Пютюрге аймағында болған.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:43-те тіркелді. Оның ошағы 9,39 шақырым тереңдікте болды. 

AFAD жағдайдың бақылауда екенін және жер сілкінісінің салдарын бақылау жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінгенін хабарлаған едік.