Түркияның Османие қаласында сел жүріп, екі адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Османие провинциясының бірнеше аймағында толассыз жауған жауын салдарынан сел жүріп, екі адам мерт болды, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Фото: АЗЕРТАДЖ

Аномалды жауын-шашын салдарынан Саврун өзені арнасынан асып, Кадирли ауданы аймағының бір бөлігін су басты. Салдарынан мұндағы бірнеше көпір мен ғимарат қирады.

Сумен бірге автокөліктер ағып кетті. Бір көліктің ішінде болған екі ер адам көз жұмды.

Жақын маңдағы провинциялардан құтқарушылар апат аймағына жіберілді.

Айта кетейік, Дағыстандағы су тасқыны салдарынан екі мыңнан астам үй су астында қалды. Бұл елдегі тасқын су 6 адамның өмірін қиды, 200-ден астам адам құтқарылды. Зардап шеккендердің жалпы саны 6 200-ден асты.