Түркияның әскери ұшағы Сирия аспанында атып түсірілді

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Сирия қарулы күштерінің басшылығы Түркия ӘӘК-нің (Әскери әуе күштері) F-4 Phantom әскери ұшағын жұма күні Сирияның территориялық суларының үстінен ұшып бара жатқан кезінде атып түсіргенін мәлімдеді.

Бұл туралы Ресей жаңалықтар агеттігі хабарлайды.

«Біздің әуе шабуылына қарсы қорғанысымыз нысанаға шабуыл жасады. Ол нысана жұма күні түс кезінде біздің территориялық суларымыздың үстінен рұқсатсыз ұшып өтпек болды. Нысана түрік әскери ұшағы болып шықты» - делінген сириялық әскерилердің мәлімдемесінде.

Бұдан бұрынырақ Түркияның Премьер-Министрі Тайип Эрдоганның кеңсесі ұшақты Сирия атып түсірді деген болатын. Олардың мәлімдемесінде оқиғаның барлық ақ-қарасы анықталған соң, Түркия оған байланысты барлық шараларды «батыл түрде» қолданатын болады деп жазылған еді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.