Бұл туралы «АСТ» әуе компаниясының бас директоры Желал Карабаш Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Сондай-ақ ол, апатқа дейін аталмыш ұшақтың көрсетілген бағыт бойынша бірнеше рейс жасағанын атап өтті. Әр рейс сайын ол ұшақ «Манас» халықаралық әуежайына жанармай құю үшін және экипажды ауыстыру үшін қонып жүрген, оның бортында Қырғызстанның жүгі болмаған.
Еске сала кетейік, 16 қаңтар күні сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 39 адам мерт болды.