Елдің батысындағы Бурса провинциясында сел жүру салдарынан бес адам мерт болып, бір тұрғын іздестіріліп жатыр.
Апат болған мекенге барған Ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу мемлекет басшысын аймақтағы жағдайдан хабардар етті.
Содан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған селден қаза тапқан адамдардың туыстарымен телефонмен сөйлесіп, көңіл айтты.