«Түркияның беделді «Көроғлы» журналы ұлы ақынымыз Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына орай тұтас номерін арнапты... Осыны сүйіншілеп жеткізген басылымның бас редакторы Омар Меһметзаде бауырымызға мың да бір рахмет! Жүз жасаңыз, Омар мырза!» - деп жазылған жазушының парақшасында.
Айта кетейік, «Көроғлы» журналы - Түркияның Ескішахар қаласында ай сайын шығып тұратын ірі басылымдарының бірі. Бас редакторы - жазушы, аудармашы Омар Меһметзаде Күчүкмехметоғлу.