Мұғла өңірлік орман шаруашылығы басқармасы мамандары мен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жөнелтілген.
Олар Мұғланың Милас ауданында орман алқабында тұтанған өртті әуеден және құрлықтан сөндіруге күш салады.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
«Дәл қазір ең бастысы - қызыл жалынды әуе және жер арқылы тезірек бақылауға алу» деп хабарлады TRT Haber.
Телеарна тілшісі Жихат Сөнмез оттың Милас пен Бодрум арасындағы Гүверчинлик ауданындағы орманда жалындап жатқанын, оны сөндіруге күшті жел кедергі жасап отырғандықтан тілсіз жаудың одан әрі күшейе түсуі мүмкін екенін жеткізді.
Оның айтуынша, оқиға орнына жақын маңда елдімекендер бар.
Милас аймағынан басталып, желдің әсерімен Бодрумға қарай ілгерілеген орман өртін сөндіруге 8 ұшақ пен 14 тікұшақ, 74 су танкері, 12 техника және 615 өрт сөндіруші жұмылдырылған.