«Ең алдымен, «KADEX-2018» көрмесіне қатысып отырғанымызды Қазақстан тарапының бізге көрсеткен үлкен құрметі деп білеміз. «Отокар» - бронды машиналарды шығарушы болып табылады. Өнімдерінің бірқатар түрлері бар. Компания машиналарының салмағы - 3-60 тоннаға дейін жетеді. Дөңгелектерінің формасы - 4-4, 6-6, 8-8-дік қалыпта. Отокар - «Коч» холдингіне енетін жеке компания. Қазіргі уақытта «Отокар» өндіріп жатқан бронды машиналар 25 елдің, атап айтқанда Африканың, Американың, Парсы шығанағынан бастап, Азия елдерінің әскери құрылымдарында бар. Дәл қазіргі таңда Парсы шығанағы аймағында «Отокар» өзінің жергілікті компанияларын құрып, 8-8-дік бронды машиналарды шығаруда», - дейді компаниясы бас директоры.
Ол сонымен қатар, Түркия мен Қазақстан географиялық тұрғыда алыста жатқанымен, компания үшін біздің елде біршама әлеует барын атап өтті.
«Біздің негізгі мақсат - технологияларды беру арқылы Қазақстан аумағында машиналардың жергілікті деңгейде өндірілуіне қол жеткізу. «Коч» холдингі Қазақстан экономикасына инвестиция салуды көздейді.
Көрмені ұйымдастырушы - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ.
Еске сала кетсек, бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылды. «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі 26 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады. Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.