Анкараның оныншы қылмыстық соты 96 жастағы бұрынғы мемлекет басшысын және 88 жастағы бұрынғы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Тахсин Шахинкайды мемлекеттік билікке қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды.
Еске сала кетейік, Түркиядағы 1980 жылғы әскери төңкеріс салдарынан әскери диктатура орнаған болатын, онда көптеген азаматтар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауға түсіп, жапа шеккен.