Аталған шаралардың аясында ҚР ТР елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның танымал әрі бай провинциясы Хатайға жұмыс сапарымен барды. Сирияның шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан провинция негізгі үш дін - ислам, христиан және иудаизмнің келісім тапқан орнына айналған.
Хатайға жасаған жұмыс сапары барысында провинция губернаторы Кадим Доган, Антакия қаласының мэрі Лютфу Савашпен, Мұстафа Кемал атындағы Университет ректоры, профессор Хусню Салих Гюлермен, іскер топ өкілдері және мәдениет қайраткерлерімен кездесті. Сонымен бірге, қазақстандық елші провинцияның өнеркәсіп нысандарында болды. Іссапар барысында ҚР Тұңғыш Президенті және Қазақстаның тәуелсіз алғаннан кейінгі жеткен жетістіктері туралы фотокөрме өткізілді.
Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі әңгіме арқауына айналды. Хатай провинциясының басшылығы Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, бұл жолда елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше екендігін атап өтті. Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы экономикасы, ішкі саяси жағдайы тұрақты екендігін және қарқынды сыртқы саясаты да атап өтілді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаты - Қазақстанның ауқымды әлемдегі жарқын көрінісі. Әлемдік қоғамдастық Қазақстан көшбасшысының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жасампаз қайраткерлігін жоғары бағалады және бүгінде елдің оның жетістіктерімен мақтануына толықтай негізі бар!», - деп атап өтті губернатор К. Доган.
Бағдарламаның жалғасы ретінде аймақта ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға арналған шаралар аясында Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарына арналған конференция өтті. Шараға қала басшысы Лютфу Саваш, провинция губернаторы К.Доган, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев қатысты.
Басшылардың кездесу қорытындысы бойынша, Хатай провинциясының іскер және академиялық топтары Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдірді.