Түркияның ІІМ басшысы жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кетуге өтініш білдірді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркияның Ішкі істер министрі Муаммер Гюлер жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кету туралы премьер-министр Реджеп Тайип Эрдоганның атына өтініш жазды. Бұл туралы М.Гюлердің өзі мәлемдеме жасады, деп хабарлады Associated Press.

Қазіргі уақытта ол үкімет басшысының шешімін күтіп отыр.
Осы аптада ІІМ басшысының ұлы Барис Гюлер тағы 23 күдіктімен бірге пара алды деген айыппен қамауға алынды. Олардың қатарында Түркияның экономика министрінің ұлы Зафера Чаглаяна да бар.
Негізі таяуда Т.Эрдоган министрлер кабинетінде өзгеріс енгізуі тиіс еді. Атап айтқанда, наурыз айында жергілікті сайлауға қатысатын үш министрді ауыстыру керек еді. Енді Түркия билігінен кететін ведомство басшыларының саны коррупциялық жанжалға байланысты көбейе түсті.
Т.Эрдоганның өзі бұл тергеуді оның үкіметін дискредитациялау үшін жасалған қастандық деп отыр. Оның атап өтуінше, тергеу оның одақтастарына қарсы жүргізілуде.