Түркияның ішкі істер министріне шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанлыурфа провинциясында Түркияның ІІМ басшысы Афган Алуға шабуыл жасалды, деп хабарлады Kanal7 телеарнасы.

Телеарнаның мәліметтері бойынша, ІІМ басшысымен бірге Түркияның вице-премьері Нуман Куртулмушқа да осындай қастандық жасалған. Телеарна белгісіз тұлғалар тобының осы провинцияға көршілес Сирияның Кобани қаласынан қашқандардың тіршілік жағдайымен танысуға келген үкімет делегациясын таспен атқылағанын хабарлады. Айта кетейік, мұндай қашқындар саны 150 мыңнан асады.