Алдын ала мәліметтер бойынша, 29 шілде күні сағат 08-00-дер шамасында Гёйнюк ауылындағы қонақүйдің ас үй орналасқан жертөлесінен белгісіз себеппен өрт шыққан. Осы кезде туристердің көпшілігі таңғы ас ішу үшін ас үйге беттеп бара жатқан, кейбіреулері онда барып та үлгерген.
Қою түтіннің салдарынан 14 адам зардап шегті. Оның 4-уі Ресей, 10-ы Түркия азаматтары. Олардың барлығы түтіннен уланып, Кемер қаласының ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнына жеткен өртке қарсы күрес қызметінің өкілдері қонақүйдің 400 тұрғынын қауіпсіз аймаққа көшірді.