МУГЛ. ҚазАқпарат - Түркиядағы Мармарис курорттық қаласына жақын маңдағы орман алқабында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат TRT Haber арнасына сілтеме жасап.
Anadoluагенттігінің хабарлауынша, Сарыан ауданындағы ауыл маңындағы орман аймағында түтін пайда болғаннан кейін аймаққа облыстық орман шаруашылығы басқармасы, Мармарис және астаналық муниципалитеттің өрт сөндірушілері жіберілген. Өрт жерден де, әуеден де сөндірілді.
Кейбір ақпарат құралдары өртті сөндіру кезінде адам денесі табылғанын жазуда.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.