Содырлар Киркук-Джейхан мұнай құбырына шабуыл жасап, оны күзетіп, қосымша күш шақыртқан қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырды. Оларға көмекке келе жатқан әскери қызметкерлердің бір көлігі содырлар қойған минадан жарылды, одан кейін атыс басталып кетті.
Жарақаттанғандардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Көлікке шабуыл жасаған содырларды іздеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды РИА «Новости».