Түркияның оңтүстік шығысында наразылық шаралары өтті

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік шығысында жергілікті халық сепаратистік Курд жұмысшы партиясы әскерлерінің қаза табуына байланысты наразылық шараларын өткізді.

Бірқатар аймақтарда бейбіт түрде басталған бойкөрсетудің соңы шиеленісіп, полициямен қақтығысқа ұласып кетті, деп хабарлайды Еuronews.

Курдтер тұратын шағын аймақ саналатын Диярбакыр қаласында ереуілшілер тәртіп сақшыларын таспен, жанғыш сұйықтық құйылған шөлмектермен атқылаған. Полицейлер оған қарсы қару ретінде суатқыштар мен көзден жас шығаратын газ пайдаланған. Тыныштандыру шараларынан кейін бірнеше адам қамауға алынды.