Түркияда бірнеше күннен бері орман өрттері өршіп тұр.
Өрт сөндіру қызметтерінің күшімен Түркияда 98 орман өрті ошағының 88-і ауыздықталды. Бұл туралы сенбі күні елдің орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекір Пакдемирли мәлім етті.
«28-31 шілде аралығында Түркия аумағында 98 орман өрті тіркелді, олардың 88-і өшірілді. 10 ауданда өртті сөндіру белсенді түрде жүргізілуде», - деп хабарлады министр.
Министр атап өткендей, оның біреуі Адана провинциясында, үшеуі Антальяда, үшеуі Мерсинде, екеуі Мұғлада, біреуі Османияда.
Орман өрттерін сөндіруге 45 тікұшақ, 6 ұшақ, мыңдаған өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.
Бұған дейін хабарлағандай, Түркиядағы өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ .