Бұл туралы Б.Йылдырым түріктік БАҚ-қа берген сұхбатында мәлімдеді, делінген Trend агенттігінің хабарламасында.
«Халқыммен Ресеймен қатынастағы маңызды жаңалықтарды бөліскім келеді. Екі ел көшбасшылары арасындағы байланыс нәтижесін берді. Екі ел арасындағы мұз еріді. Бұған бауырлас елдер - Қазақстан мен Әзербайжанның үлесі бар. Олар Түркия мен Ресейдің ара-қатынасын қалыпқа келтіру үшін күш жұмсады. Бұл елдерге алғысымыз шексіз», - деді Б.Йылдырым.
«Түркия мен Ресей арасындағы қатынастарды қалпына келтіру үдерістері басталып кетті», - деп атап өтті Б.Йылдырым.