Түркияның президенті Қытайға сапар жасайды

БЕЙЖІҢ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ – Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруымен Түркияның президенті Абдулла Гүл маусымның 24-і мен 29-ы аралығында Қытайға сапар жасайды.

ҚазАқпарат хабарлағанындай, бұл жөнінде бүгін Бейжіңде баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті.