Түркияның Жоғары сайлау комиссиясының (YSK) мәліметінше, әлемнің 73 елінде 167 учаске жұмысын бастады.
Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады.
Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-ге дейін жалғасады.
Бюллетеньдерді Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып, дипломатиялық курьерлер жеткізетін болады.
Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.
Бұған дейін хабарланғандай, 14 мамыр күні Түркияда өткен президент сайлауында электораттың 87,04 пайызы дауыс берді, 1 млн 37 мың 104 парақша жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдерді толық санау қорытындысы бойынша сайлаудың бірінші кезеңінде Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43 дауыс жинады.