Түркияның шығысында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл жайлы Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап trend.az хабарлайды.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Каракочан қаласынан 28 км солтүстік-шығыста, ал ошағының тереңдігі екі шақырым тереңде болған.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирандылар жайлы мәлімет жоқ.