Түркияның шығысындағы күре жолдардың бірінде қар көшкіні жүрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Ван-Бахчисарай тас жолы қар көшкіні салдарынан жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Күре жолды толассыз жауған қалың қар басып қалған. Бұған қоса ұйытқып боран соққан. Ал маршруттың 25-ші шақырымында қар көшкіні жүрген. Тас жол қауіпсіздік мақсатында жабылды.

Көлік қызметінің бригадалары жол учаскесін тазалауға кірісті, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс тоқтатылды.