Түркияның «Солотүрк» пилотаж тобы «KADEX - 2018» көрмесінде авиашоу өткізбек
Астанадағы Жүніс Емре орталығы таратқан мәліметтерге қарағанда, «Түрік F -16 «Солотүрк» пилотаж тобы 2011 жылы Түркия әуе күштері қолбасшылығының 100 жылдығына орай құрылған. «2018 авиа шоуы маусымы «Солотүрктің» 7 жылы болып табылады. «Солотүрк» пилотаж тобы ұшақты ұшыратын 2 ұшқыш пен бұқарамен байланысқа жауапты офицерді қосқанда жалпы саны 11 персоналдан тұрады. Пилотаж алғашқы авиа шоуын 2011 жылғы 15 сәуірде Анкарада Президент пен мемлекеттік хаттамаға қатысқан ресми баспасөз мәслихатында орындаған.
Айта кетерлігі, «Солотүрік» пилотаж тобы ең алыстағы базадан ұшып шығып, ауада жанармай толтыру қабілетіне ие тұңғыш және жалғыз топ болып табылады. Шоу кезінде «Солотүрк» ұшқышы F -16 С қуаты күшті моторының арқасында ұшағының лимиттері болып табылатын + 9 бен негатив 3 G деңгейіне әкеледі.
Шоудың нақты көрінуі үшін алаумен бірге «Солотүрк» ұшағының қанаттарындағы түтін шығарғыш қолданылады. Бұл аппарат көрермендерге тамаша шоу көрсету үшін қажет. Солотүрк F -16 С Блок 30 ұшағы «Түрік ұлттық өнер қоры» тарапынан 2011 жылы «Ең үздік сыртқы дизайн» сыйлығына ие болды. Бұл ұшақ -толықтай жұмыс істей алатын операциялық реактивті ұшақ.
СОЛОТҮРКТІҢ ҚАБІЛЕТІ
ҰШҚЫШ: 2
Түрі: F-16_C (толықтай реактивті)
Ең жоғары жылдамдық: 1200 км/h
Ең жоғары биіктік: 5 км (10 секунд.)
Ең төменгі биіктік: 15 метр
G шекаралары (+) 'G': + 9 G
(-) 'G':-3 G
Маневрі: 20
Еске сала кетейік, 23-26 мамыры аралығында Астанадағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V халықаралық көрмесі болады. Астана қаласының 20 жылдығына орай «KADEX - 2018» көрмесі жаңа форматта өтіп, оған әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарақ және әскери техникалары ұсынылатын болады.