Давутоглудың сөзіне қарағанда, қазір құқық қорғау органдары жарылысқа тағы кім қатысты болуы мүмкін екенін қарастырып жатыр.
Түркия билігі соңғы деректер бойынша 32 адам жапа шеккен Сириямен шекарадағы Суруч қаласындағы жарылысты ДАИШ («Ислам мемлекеті») экстремистік тобының мүшесі ұйымдастырды деп болжап отыр.
Жарылыс Сирия аумағындағы Кобани қаласына аттанбақ болған жастар ұйымдарының белсенділеріне қарсы жасалған болуы мүмкін.