33 жастағы түрік әншісі былтырғы жылдың желтоқсан айында да Қазақстанға келіп қайтқан болатын. Бурай «Құлпынайдың иісі» сериялындағы саундтрекпен көпшілікке танымал. Әншінің бағын ашқан да осы«Istersen» әні деседі. Өткен жылы Бурай «Жыл таңдауы - 2016» гала концертіне келіп, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлімен бірге ән шырқаған болатын. Қазақстанда берген сұхбатында «Менің ойымша, «Istersen» әнін өзгелерден гөрі қазақстандықтар ең көп тыңдайтын секілді» деген болатын.
Түрік әншісі сонымен қатар, қазақстандықтарға «Karatoprak», «Bir Omurlugum», «Kimsenin Sucu Yok», «Sonsuz Kilalim» әндерімен де белгілі. Бурай Түркияның өзге де танымал жұлдыздарымен Түркияның ұлттық күніне орай елордаға келіп отыр.