Билік әйелдердің елдің өркендеуі үшін реформаларды жүзеге асырудағы және Отанға адал дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі елеулі үлесін атап өтті, деп хабарлады Түрікменстанның TDH мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Қолма-қол ақшалай төлемдер 2026 жылдың 2-6 наурызы аралығында салтанатты түрде табысталады.
Осылайша, 8 наурызға орай ақшалай сыйлықтарды келесілер алады:
* меншік түріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейтін әйелдер мен бойжеткендер;
* зейнеткерлер және мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
• өндірістен қол үзген аспирант, докторант және клиникалық ординатор әйелдер;
• Түрікменстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында кемінде екі жыл бойы курс алып жүрген студент бойжеткендер;
• студент бойжеткендер, мектептердің оқушы қыздары және мектепалды жастағы қыз балалар.
• Түрікменстандық әйелдер 8 наурыз мерекесіне орай жетінші жыл қатарынан 60 манаттан алып отыр.
Kazinform үшін арнайы TDH серіктес агенттігі ұсынған.
Осыған дейін Малайзия өмір сүру құнының өсуіне байланысты халыққа ақша тарататынын жазған болатынбыз.