Түрікменстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы стратегиялық серіктестер - Бердімұхамедов
АСТАНА. KAZINFORM – Түрікменстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес елдер саналады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен айтты.
- Ең алдымен Түрікменстан делегациясы атынан жылы қабылдап, қонақжайлық танытқаны және Астана қаласында тиімді жұмыс істеуіміз үшін тамаша жағдай жасағаны үшін Қазақстан Президенті құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға зор ришашылымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы – Орталық Азиядағы стратегиялық серіктестер. Мемлекеттерімізді тарихтың ортақ тамырлары, рухани жақындық, мәдени құндылықтар, сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа сақталып, жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар біріктіреді, - деді Сердар Бердімұхамедов.
Оның айтуынша, екі елдің арасындағы екіжақты қатынастар 2017 жылдың 18 сәуіріндегі Стратегиялық серіктестік туралы келісімге және 2024 жылдың 10 қазанындағы Достық пен көпқырлы стратегиялық серіктестікті нығайту туралы декларацияға негізделеді.
- Дипломатиялық саладағы саясатта Түрікменстан мен Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, энергетикалық тұрақтылықты нығайтуда, көлік байланысын дамытуда, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және климаттың өзгеруіне қарсы күресте жақаһандық күн тәртіптің өзекті мәселелері бойынша сындарлық өзара іс-қимылды жолға қойған, - деді Түрікменстан Президенті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін Ақордада қарсы алғанын жазған едік.
Кеңейтілген құрамдағы келісөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін «Алтын қыран» орденімен марапаттайтынын айтты.