Түрікменстан ШЫҰ елдерін Ауғанстанға газ тарту жобасына атсалысуға үндеді
18:33, 04 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – «ШЫҰ+» кездесуінде сөз сөйлеген Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ұйым мүшелерін Ауғанстандағы инфрақұрылым жобаларына атсалысуға үндеді.
«ШЫҰ-ның мүдделі елдеріне Ауғанстан аумағындағы энергетикалық және коммуникациялық жобаларға қатысудың шарттарын қарастыруды ұсынамыз. Әңгіме «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан» газ құбыры мен «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан» электр желісі мен талшықты байланыс желісін тарту туралы болып отыр», - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Оның сөзінше, аталған жобалар Ауғанстанға экономикасын тезірек тіктеп, аймақтағы даму үдерістеріне кірігуіне септігін тигізеді.