АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі жазды.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Екі жақ маусым айында Қазақстанда өтетін Түрікменстанның мәдени күндері мен осы жылы қазан айында жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіліп, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)