Түркология мен монголистика саласы бірге зерттеледі - TWESCO

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат -  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Дүниежүзі моңғолтану одағының xатшысы, МҒА Тариx-арxеология институтының директоры, профессор Сампилдондов Чулуунмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұланбатыр қаласында өткен кездесуде тараптар монголистика саласын дамыту, бірлесе жұмыс істеу мәселесін талқылады. Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясының тек түркологиямен шектелмейтінін, Ұлы Дала өркениетін, көшпенділер мәдениетін де зерттеуге назар аударғанын атап өтті.

Естеріңізге салар болсақ, Халықаралық түркі академиясы биылғы маусым айында ұйымдастырған ІІІ халықаралық «Ұлы Дала» гуманитарлық форумында «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығын» құру туралы шешімге қол қойылған болатын. Ассоциация жылына төрт рет журнал шығарып, Алтаистика, Түркология, Моңғолистика бойынша арнайы кітаптар басуға шешім қабылдаған еді.