ТүркПА делегациясы Түркияда өтетін АӨІСШК шараларына қатысады
20:21, 05 Наурыз 2013
БАКУ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Түркі тілдес мемлекеттер Парламеттік Ассамблеясының делегациясы 7-8 наурыз аралығында Анкарада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің лауазымды тұлғаларының экономикалық комитет және жұмыс тобының отырыстарына қатысады.
Бұл туралы бүгін журналистерге Бакудегі ТүркПА-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Шаралар аясынла ТүркПА делегациясы халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ CICA мүше-елдер делегацияларымен бірқатар кездесулер өткізеді.
Оған қоса, 5 наурызда ТүркПА делегациясы Түркия парламентінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша аталмыш құрылым комиссиясының 2-ші отырысына дайындық мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.