ТүркПА елдері антитеррористік заңнама бойынша ортақ ұстаным әзірлеуде
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - ТүркПА-ға мүше елдердің антитеррористік заңнамалары бойынша ортақ ұстанымды жасау болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан делегациясының басшысы Динар Нөкетаева терроризмге қарсы күресте халықаралық келісімдерге қатысудың қажеттілігі мен осы салада түркітілдес мемлекеттерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Жиналыстың күн тәртібіне ТүркПА Хатшылығының қаржылық қызметі туралы ереженің жобасын қарау кірді.