ТүркПА комиссияларының кезекті отырысы Бішкекте өтеді

БАКУ. ҚазАқпарат - Алдағы 15 сәуірде Бішкекте Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Халықаралық қатынастар комиссиясы және Әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық комиссиясының кезекті отырыстары болады.

Аталған ТүркПА комиссияларының отырыстары күн тәртіптерінің негізгі тақырыптары: «Түркі тілдес мемлекеттердің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара әрекеттестігі» және «Түркі тілі күні».

Комиссия жұмысына ТүркПА-ға мүше төрт ел (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия) парламенттерінің мүшелері, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) хатшылығының, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы және Түркі әлемі муниципалитеттері бірлестігі өкілдері қатыспақ.