ТҮРКСОЙ елдерінің театр өнеріне қолдау білдіру жөніндегі іс-шаралардың бірі болып табылатын жыржинақ басылымының мақсаты - түркітілдес театрларының репертуарын байыту.
Кезекті альманахқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Гагаузия (Молдова), Хакасия және Чувашия (Ресей Федерациясы) мемлекеттері драматургтерінің балалар театрына арналған танымал туындылары еніп отыр. Басылымды дайындау туралы шешім 2016 жылы Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ елдерінің Мемлекеттік театр басшылары кеңесінің бесінші отырысында қабылданды.